ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханашы — XXI ғасыр мамандығы» ауыл кітапханашылары арасында «Жыл маманы-2022» облыстық байқауын ұйымдастырды.

Заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды таныту, кітапханашылардың ауыл тұрғындарына бүгінгі күн талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудегі біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау, кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың жаңашылдық бастамасына қолдау көрсету, кітапханашының кәсіби дамуын ынталандыру, мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеру, кітапхана қызметіне жаңа ақпараттық технологиялар мен әдістерін енгізу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 35 жасқа дейінгі 8 үміткер қатысты.

Байқау шартына сәйкес қатысушылар «Жаңа ой, жаңа қадам, жаңа талап», «Ізденуден талмаған», «Үздік виртуалды кітап көрмесі», «Шабыт», «Кітапханашы феномені» үздік таныстырылым, шығармашылық ізденіс, тренинг номинациялары бойынша өзара бақ сынасып, нәтижесінде бас жүлде және үздік кітапханашы статусын Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гулзат Жунисбекова иеленді.
 Ал, жүлделі І орын — Жуалы ауданы, Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанар Аймағанбетоваға, ІІ орын — Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылдық кітапханасының меңгерушісі Аяулым Досаеваға, ІІІ орын — Талас аудандық орталық кітапханасының библиографы Айнұр Амангелдіге бұйырды.
Сонымен қатар «Шабыт» номинациясы — Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гулзат Жунисбекова, «Кітапханашы феномені» номинациясы — Байзақ аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы — Жанар Рахманқұл, «Шеберлік» номинациясы — Т.Рысқұлов аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Лаура Молдагуланова, «Жаңашылдық» номинациясы — Шу аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Райымқұлова, «Жігерлі» номинациясы — Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық кітапханасының меңгерушісі Назгүл Мұрсалы арнайы сертификатпен марапатталды.

Байқау қатысушыларының барлығына диплом, сертификаттермен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы