Үздіктер қатарында кімдер жүр.  

    «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы

 

Педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, тиімді ынталандыру, орта білім беру ұйымдары педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру үшін, орта білім беру жүйесін дамыту үрдістерін анықтау мақсатында жыл сайын «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсы  өткізіліп тұрады. Биылғы конкурстың жеңімпазы Жақсы ауданы К.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебі 22 миллион 627 мың 200 теңгенің грантына ие болды.  Мектептің қабырғасы сонау           1939 жылы  қаланған.  2015 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Ш.Өскенбаевтың  аты берілген.

Мектепті  — білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медаліінің иегері, тәжірибелі басшы Г.К.Токмурзина басқарады.

Заманауи технологияларды іске асыру тәжірибесін молынан  жинақтаған, мектептің  көрсеткіштері жақсарып, соңғы 3 жылда тұрақты  нәтижеге жеткен. Мектеп «Үздік аудан мектебі», ұстаздары аудандық, облыстық, республикалық зияткерлік конкурстардың, олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың жеңімпаздары атанған.  Оқушы Щитка Варвара облыстық «Тілдарын» байқауында, Ақтау қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық конфекренцияда Морозова Анастасия және Диль Виктор  бірінші,  Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласында өткен 1 Халықаралық «Ресей-Қазақстан жас зерттеушілердің болашаққа көзқарасы» ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан 5 сынып оқушысы Морозова Анастасия  және «Туған жерге туыңды тік»  республикалық конкурста А.О. Исмагулова  бірінші орындарға ие болып, жетістіктер жылдан жылға жалғасуда екен.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.З. Алшинбаева облыстық, аудандық  «Үздік мұғалім»  конкурстарында  жеңіске жетіп, гран-при  жеңімпазы атанады.

Мектеп ұжымы

Нәтижелі жұмыс, білікті ұйымшылдықтың арқасында мектеп ұжымы 2017- 2018 жылдың білімсапасын,  оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру, оқушылар және педагогтар жұмысының  жетістіктерінің нәтижесінде  үздік деп танылған.

Нәтижесінде қоғамның белгілі бір әлеуметтік тапсырысымен анықталған, атап айтқанда, лингвистикалық құзыреттілігі бар, берік білімді, жан-жақты дамыған, жақсы ойлайтын, еркін және еңбекқор, талапты және білімқұмар, адал, мейірімді, ұқыпты, шығармашылық қабілеттері  дамыған  кәсіби тұлғаны, өмірлік жағдайларлы ескере отырып шешім қабылдай алатын  және өз қабілеттерін тиімді іске асыратын, үнемі табысқа ұмтылатын тұлғаны  тәрбиелейміз. Және  бұған сенеміз, дейді білікті басшы Гүлбаршын Құбиқызы.

Ол білім, тәжірибесін үштастырған үздік.

 

Закирова Назифа Анваровна Көкшетау қаласының № 1 орта мектеп-гимназиясының жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі. Ол Ақмола облысының «Үздік мұғалім» байқауларына қатысып,  2010 жылы « Әдіскер –ұстаз», 2014 жылы «Педагог-экспериментатор», 2018 «Шебер- ұстаз» аталымдарының иегері.   «Оқу процесіне Кембридж бағдарламасының жеті модулін енгізу»  бойынша 2013 жылдан бастап нәтижелі жұмыстап, тәжірибесін жас ұстаздарға үйретіп келеді. 2014 және 2015  жылдан физикан пәндерін оқытуда нәтижелі жұмыстап, оқыту әдістемесінің кеңесшісі және осы пән мұғалімдеріне  арналған олимпиадаларға тапсырма құрастырушы және әділ қазы мүшесін адал атқарып жүр. Білім  және ғылым министрлігі  ұсынған «Физика және астрономия 9 »,    «Физика 10 ЖМБ»,  «Физика 10 ҚГБ », «Физика 7», «Физика 8» оқулықтарын  2013-2018 жылдары жыл сайын жаңартып жазды.Көкшетау қ. Халықаралық педагогикалық инновация жәрмеңкесінің тұрақты қатысушысы, диплом және алтын сертификаттың иегері.

Оқушылары облыстық және халықаралық ғылыми жұмыс жобаларының жеңімпаздары және жүлдегерлері атанып, облыс мектептерінің мәртебесін көтеріп жүр. 2012-2013 оқу жылдары Байгелов Саят Байқоңыр қаласында өткен халықаралық ғылыми жоба конкурсында 2 , 2013-2014 оқу жылдары Хамза Бекжан облыстық «Зерде» ғылыми жоба конкурсында 1 және Республикалық байқауда 3 орын иеленген.  2015 жылы Мәскеу қаласында  өткен 3 оқушылық құрама Оспанова Жанна, Бапхоева Томирис, Проказина Влада халықаралық экологиялық конференциясына қатысты және   осы 2017 жылы байқауда жеңіске жетті.  Дарынды оқушылардың ынта жігерін, білімін тұрақты жетілдірунің арқасында Назифаның шәкірті Проказин Влад 2017 жылы  облыстық ғылыми жоба байқауында  1 орын болады.  Назифа беретін пәннен оқушылар ұлттық бірынғай тестілеуде жоғары көрсеткіштерге ие.

 

 

Суретте. Солдан бірінші тұрған Закирова Назифа Анваровна