Ұзақ жасаудың сыры
Жапондықтар ұзақ өмір сүруде әлем бойынша бірінші орында. Мұның себебін олар мына сегіз тәсілге сыйдырады:
1. Күнделікті ашық жасыл, ашық сары түсті көкөністер мен жеміс-жидектерді жеу керек. Мысалы, сәбіз, мандарин, алма.
2. Зығыр майы мен күнбағыс майында адам өмірін ұзартатын аса бағалы қышқыл бар деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондықтан күніне бір қасық зығыр немесе күнбағыс майын ішіп отырыңыз.
3. Күнделікті ұйқыдан тұрғанда жаттығу жасап, демалыс күндері қала сыртына серуен құрыңыз.
4. Әрнәрсені ойлап, қайғыра беру мидда, ағаны да қартайтады, иммунитетті әлсіретеді.
5. Күніне 8-9 сағаттық ұйқы адамның жүйке жүйесін, ағзаның демалуына мүмкіндік береді, жүрек соғысын реттеп, қан қысымын түсіреді. Денедегі зақымданған жаралар ұйықтаған кезде тез жазылады.
6. Бөлмеңіздің тазалығына, заттар мен жиһаздардың орналасуына ерекше мән беріп, жиі желдетіп тұрыңыз.
7. Шектен тыс тоя тамақтану адам өмірінің қысқа болуына әсер етеді.
8. Үнемі күліп, көңілді жүруге тырысыңыз. Адам күлгенде беттің бұлшық еттері қозғалысқа түсіп, диаграфма мен асқазанның жұмысы да жақсара түседі.
«Ауырмаңыз!» газеті.