Үздік ауыл командалары марапатталды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай кіші футболдан 2006-2010 жылдары туған жасөспірімдерден құралған аула командалары арасындағы Тараз қаласы әкімі Кубогының марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
– Ұлт денсаулығы және бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Бұл бағытта Тараз қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Айталық, қазіргі таңда Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің теңгеріміндегі 35 кіші футбол алаңшасында 8420 балалар, жасөспірімдер, жастар және ересек тұрғындар дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда. Сондай-ақ биыл 10 кіші футбол алаңшасының құрылысы және тағы 14 алаңшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған ілкімді істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – деген Бақытжан Әмірбекұлы жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы Кубоктар мен Дипломдарды, естелік сыйлықтарды табыстады.
Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды “Аса 3”, 2-орынды “Қаратау”, 3-орынды “Көлтоған” командалары еншіледі.
2022 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан турнирге биыл 32 аула командасы қатысып, жалпы саны 320-дан астам жасөспірім қамтылды.
Тараз қаласының әкімдігі