В.Зеленский: «Президент — пір емес!»
Кеше Владимир Зеленский ресми түрде Украинаның президенті атанып, ант қабылдады. Ұлықтау рәсімі кезінде мәлімдеме жасаған Украинаның жаңа басшысы шенеуніктерге өз кабинеттерінде президент суретін ілуді доғару қажеттігін айтты. Сондай-ақ ол осы ұлықтау рәсімі кезінде Жоғарғы раданы таратып жіберді. Шенеуніктердің жұмыс орнынан өз суретін көргісі келмейтінін баса айтқан су жаңа мемлекет басшысы: «Сіздердің кабинеттеріңізде менің суретім болғанын қаламаймын. Өтінемін, менің портретім болмау керек. Себебі президент — пір емес, портрет емес. Оның орнына өз балаларыңның суретін іліп қойыңдар. Әрбір шешім қабылдар алдында солардың көзіне қараңдар»,— деп кеңес беріп, украиналықтардың күліп жүруі үшін қолынан келгеннің бәрін істейтінін жеткізді.