ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету әрбір мемлекеттік қызмет көрсетушінің міндеті болып табылады.
Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі М.Ракай №1 қалалық ауруханада қоғамдық бақылау жасады.
Бұл ретте, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігіне, тұрғындарға көрсетілетін сервистің сапасына және қызметкерлердің әдептілігі мәселелеріне баса назар аударылды.
Қызмет көрсетуші мекемеге тұрғындарға тұрақты түрде сапалы және қолжетімді қызмет көрсету қажеттілігі ескертілді.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті