Вице-министр: Оқушылардан мектепті жөндеу үшiн ақша жинауға болмайды
Оқу жылының соңында ата-аналар мектеп бiтiрушiлер кешiне, оқу орнын жөндеуге және тағы басқа шараларға ақша жинап әлек болады. ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылова Мәжiлiсте берген сұқбатында оқушылардан ақша жинауға тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Мектептi жөндеу үшiн оқушылардан ақша жинауға болмайды. Себебi, жөндеу жұмыстарына қаржы жергiлiктi бюджеттен бөлiнуi тиiс. Барлық бiлiм беру нысандары жергiлiктi әкiмдердiң коммуналдық меншiгiнде, сондықтан әкiмдер ғимаратты талапқа сай тәртiпте ұстауға мiндеттi. Ағымды жөндеу жұмыстары мен басқа да iшкi жұмыстармен байланысты барлық шығындар жергiлiктi атқарушы органдардың есебiнен қаржыландырылуы тиiс. Яғни, оқушылардан мектеп жөндеу үшiн ақша жинауға тыйым салынған», — дедi Асылова.