Волонтерлер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.
Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады.
Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалаларда мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
Сондай ақ қаржылық көмек келесі деректемелерге қабылданады:
Заңды тұлғалар үшін:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521
Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi — қосымшасында-төлемдер, қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі