«The world scholars Cup» жеңімпаздары
Ерекше қуанарлық жетістік – Астана қаласында 2-рет өтіп жатқан халықаралық ағылшын тілі бойынша «The world scholars Cup» олимпиадасынан алынған жүлделер.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Сонымен бірге, осы олимпиаданың ең басты мақсаттарының бірі – оқушылардың жан-жақты сауаттылығын – әлеуметтік, тарихи, әдеби, музыка мен өнер, арнайы бағыттардағы, ғылыми – баршасын сынақтан өткізіп, білімдерін ағылшын тілінде тыңдау, сөйлеу, жазу арқылы білдіру.
Қазақстанның қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары, Қырғызыстанның Haily buri, Chyngyz Aitmatov Boys High School, QSI, т.б. мектептерімен бірге Американың оқушылары да қатысқан, жалпы, 120 мемлекеттен келген өте тартысты әрі ауқымды олимпиадаға лицейіміздің 7-8-9 сынып оқушыларынан құралған команда қатысты. Үлкен төрт бөлімнен тұрған олимпиaданың – «Debate», «Challenge», «Writing», «Scholar’s Bowe», оның ішінде «Challenge»-нің 6 бағытынан
1 Music and Art
2 History
3 Literature
4 Special Area
5 Social Study
6 Science
жетістіктері оңайлықпен келмеді. Тапсырмалар сұрақ-жауап, тест, тыңдау, сөйлеу, жазу арқылы жан-жақты сауаттылықты сынады.
«School Top Scholar’s Champion debates» бағыты бойынша «Алтын медаль» иеленгендер Д.Нығматуллин, Т.Қыдыркен, Ә.Манап.
«School Top Scholar’s Champion debates» бойынша 9-сынып оқушысы Әлібек Жарылғапов 2 рет «Алтын медаль» иесі болды.
«Challenge Special Area және Science» бойынша Оразов Арсен 9-сыныптар арасында, Ерасыл Дүйсенқұл 7-сыныптар арасында «Күміс медаль», «Challenge Literature» бойынша Қыдыркен Тамерлан, «Challenge History» бойынша Құдайбергенов Ерасыл, «Challenge Social Study» бойынша Жарылғапов Дамир «Күміс медальды» қанжығалады.
Жалпы командалық сайыстар бойынша – «Top Debate Teams», «Top Writing Teams», «Global Qualifying Teams»-тан «Күміс медаль», «Top Challenge Teams» бойынша да «Күміс медаль» иесі болып қайтты. Жалпы осы олимпиадада 6 – «Алтын», 37- «Күміс» біздің оқушыларымыздың еншісіне тиді. Ағылшын тілінде емін-еркін сөйлеп қана қоймай, өзінің жан-жақты білімін көрсетулеріне мүмкіндік жасаған, өз уақытын аямай, тынымсыз еңбектенген ағылшын тілі пәні мұғалімі Азирова Нұрғиза апайымыздың еңбегі ерекше.
Мүсілім Ерасыл
«Жас қалам» үйірмесінің мүшесі, №1 ҚТЛ Қарағанды