XXIII қысқы Олимпиада ойындары «ХАБАР». «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында

«ХАБАР», «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Оңтүстік Кореяның Пхёнчан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарын тарату құқығына ие болды.

Ақпанның 9 мен 25 аралығында, мемелекетіміздің тұрғындары аталған мемлекеттік телеарналардан жылдың басты спорттық іс-шарасын тамашалай алады.

«Qazaqstan» мен «Qazsport» 150-ден тікелей эфирдегі таратуды жоспарлаған, оларды жүргізетін: Есей Жеңісұлы, Альжанова Лилиана, Александр Олейник, Тимур Сүлейменов, Ермек Төрениязов, Евгений Левкин және Дана Нұржігіт.

«ХАБАР» телеарнасы барлығы 208 сағат болатын, 100-ге жуық тәклей трансляциялар көрсетеді. Эфир коментаторлары: Сергей Райлян, Андрей Неклюдов, Асхат Жақаев, Жандос Айтбай, Ержан Жиренбаев және Айбек Кабылшаев.

Құқық берушімен жасалған келісім ойындардың ашылу және жабылу салтанатты рәсімдерінің таратылуын да қамтиды.

Жарыстармен қатар, Олимпиада ойындарының күнделіктері қазақ және орыс тілдерінде ойындардың соңғы жаңалықтарымен бірге, қатысушылардың сұхбаттарымен көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, XXIII қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхёнчан қаласында 2018 жылдың 9 және 25 ақпаны аралығында өтеді. Әлемнің 95 елінен 2900 спортшы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы үшін бақ сынасады. Қазақстандықтар спорттың 9 түрі бойынша жарыстарға қатысады. Олар: биатлон, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл акробатика, могул.

Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі