Ыбырай мектебі!

Ыбырай мектебі 1864 жылы Торғай қаласында ашылды. Жәңгір хан секілді Ыбырай Алтынсарин де мектеп ашу үшін көп тер төкті. Қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашу үшін Орынбор облыстық басқармасының рұқсатын 1860 жылы алғанымен шағын ғана білім ошағының жұмысы оңайға түспеді. Алғашында мектеп ғимараты және оқу құралдарына қаржы болмайды. Кейін қаржы жиналғанымен шәкірт іздеу жұмысы одан да қиын болып шығады. Жұрт көпке дейін «шоқынып кетеді» балаларын бермеді. Ыбырай Алтынсарин сабақты орыс графикасына негізделген қазақ әліп-биімен оқытты. Ыбырай мектебінде Торғай өңірінен жас шамалары 9 бен 13 аралығындағы он төрт бала оқыған. Олар – ағайынды Қорғанбек пен Әбдібек Бірімжановтар, Қоңырқұлжа Бикеев, Нұрғали Әбділпейізов, Нұрмұхамбет Төкин, Биқабыл Тәшенов, Ысмайыл Серкебаев, Ержан Тұлтанов, Баймұхамбет Салқынбаев, Жармұхамбет Жанғожин, Омар Бектемісов, Ибрахим Тәшепов, Қылышбай Сүйіповтер еді. Ұлы ағартушының талантты шәкірттері қатарында ізін жалғастырған шәкірттері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушыларда түлеп ұшты. Олардың қатарында: Ахмет Бірімжанов, Әліби Жангелдин, Спандияр Көбеев, Нұржан Наушабаев, Бекет Өтеуілов, Жиһанша Сейдалин, Смағұл Майоров, Біләл Асфандияров, Ахмет Балғымбаев, Әбубәкір Алдияровтар бар. 1869 жылы Ы. Алтынсариннің ұсынысымен орыс қазақ училищесі болып қайта құрылады. 1922 жылы 7 жылдық мектепке айналды. 1945-ші жылдан бері Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп аталады. Қысқасы «Ыбырай мектебі» өзінің тарихи міндетін адал атқарып, өңірдегі халық ағарту ісіне жол салды. Ыбырай Алтынсарин алғашқы қазақ мектебімен шектеліп қана қалмай Елек, Қостанай, Торғай уездерінде бір-бірден екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін ашады. 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын мектебі ашылады. Сонымен қатар, Торғай (1891), Қазалы (1893), Қарабұтақ (1895), Ақтөбе (1896) секілді өңірлерде қыздарға арналған мектеп-интернаттың ашылуына мұрындық болады.

Amandiq Amirkhamzin фб.