«YDD Corporation» және «Asia FerroAlloys» кәсіпорындарының жұмысшыларының жалақысын 20 пайызға өсіреді
Мемлекет басшысының әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүзеге асыру және өз қызметкерлерін қолдау мақсатында «YDD Corporation» ЖШС мен «Asia FerroAlloys» ЖШС 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттырады, деп хабарлады YDD корпорациясының баспасөз қызметі. Бұл ретте серіктестіктердің акционерлері жыл соңында кәсіпорындарда бір жылдан астам жұмыс істеген әрбір маманға 200 мың теңгеден сыйақы беруді ұйғарды.
Қызметкерлердің жалақысы мен үстемеақысының артуы – адал келісілген жұмысы мен еліміздің экспорттық әлеуетін арттырудағы табысы үшін алғыстың көрінісі екенін атап өтті компания.