ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен аудан прокуратурасының аға прокуроры Ғазиз Мамырбеков инвест жобаларды жүзеге асыруға ниетті бизнес өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесуге «КнауфГипсТараз», «АҚ Алель-Агро»,«АЕК АСА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылары қатысып, бірқатан инвест жобаларды таныстырды.
Жиында аудан басшысы Ерлан Қыдыралыұлы кәсіпорын басшыларына тиісті көмектер көрсетілетін атап өтсе, Ғазиз Қадырбекұлы инвест жобаларды жүзеге асыруда туындадан кез келген кедергі бойынша құқықтық көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов және тиісті бөлім басшылары қатысып, бірқатар мәселерді талқыланды.

Жамбыл ауданы