Ынтымақ болса, өркен қанат жаяды.
Ынтымақ болса, өркен қанат жаяды.
Ақмола облысының VIII Азаматтық форумы – «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» атты тақырыппен Көкшетау қаласында болды. Форум Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыруда қозғаушы күші, тақырыбында пікір алмасты. Форумға Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мысырәлімова, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы М. Қасқырбаев және Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Д. Көшім азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. қатысты.
Форумды ашып, жүргізген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің форумға қатысушыларды құттықтаған құттықтауын жеткізіп, азаматтық қоғамның маңыздылығын атап, өңірде атқарылып жатқан іс шараларға тоқталды. Айна Ермекқызы: – Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайса жетісті айқын болады. Себебі, алға қойған мақсат біреу. Ол үшін тың бастамалар көтеріп, оның жүзеге асуын қанымдау арқылы, елді өркендетіп, халықтың әл ауқатын көтеру. Елбасы Жолдауының стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруда азаматтық қоғамның маңызы өте зор. Қәзіргі таңда Ақмола облысында 643 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 154 белсенді жұмыс жасайды. Елдің өркені, қоғамның дамуына үкіметтік ұйымдар белсене араласса, тек тіркеліп, жанданбаған ұйымдар белсенілік танытқаны жөн. Келешекте қоғамдық ұйымдар елдің, қоғамның дамуына өз үлестерін қосатынына сенім зор деді.
Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы Марат Қасқырбаев Елбасы Жолдауында айқындалған биік мақсаттарды орындауда, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы ерекше маңызды екенін атады.
Республикалық «Ұлт тағдыры» халықаралық қозғалысының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тіл жанашыры, Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Дос Көшім термин сөздердің мән мағынасына тоқталып, кейбіріне өзгеріс енгізу, жаңарту қажеттілік туындап жүргеннін айтып,ашық қоғам жайлы ой өрбітті. Азаматтық альянсының вице-президенті Дос Көшім сөзінде:
– Біз қоғамның ішінен шыққан қоғамдық ұйымдармыз. Осы қоғамдық ұйымдармен жұмыс істейтін арнайы жаңа министрлік құрылды. Жұмысымызды жандандыру керек және жанданады деп, сенемін. Елімізде азаматтық қоғамның жұмысы әлі қанағаттанарлық денгейде емес. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға нәтижелі көңіл бөлінуде. Бұл бізге берілген зор мүмкіндік және үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта азаматтық қоғамды жаңа сатыда жаңарту, дамыту үшін жұмыс жасайтынын, көпшілікке жеткізді. Форум барысында Қазақстанның азаматтық алянсының вице-президенті Дос Көшімнен соң, Қоғамдық даму министрлігінің азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы Марат Қасқырбаевтар жедел туындаған сұрақтарға жауап беріп, Азаматтық қоғам концепциясы дайындалып жатқаны жайлы жеткізді.Форумда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасады. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында көрсетілген әлеуметтік бастамаларды іске асыру бағытында 800 іс-шара өткізіліп, оған 80 мыңнан астам адам қатысты. Ақмола облысында мемлекеттік тапсырыс үкіметті емес ұйымдарды қаржыландыру көлемі жыл сайын артып жатқанын басқарма басшысы баяндамасында атап өтті. Форум аясында «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі»,«Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту», «Жасыл экономиканың дамуына азаматтық қоғамның атсалысуы» атты тақырыптар бойынша үш секцияда семинар өтті. Секциялар атқарған жұмыстарын қорытындылап үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл, ынтымақтастығын жақсарту, аймақта азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Форум соңында ел өркеніне үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары ақшалай сертификаттарға ие болды.
Дахан Шөкшир.