Ынтымақтастықты, ашықтықты қалыптастыру-басты міндет
Жиынға партия ардагерлері, Саяси кеңес мүшелері, партияның қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары және жастардың өкілдері қатысты.
Актив отырысында Партияны модернизациялаудың негізгі 7 басым бағытын іске асыру мақсатында Партия Тараз қалалық филиалының аталған бағыттар бойынша атқаратын жұмыстары туралы сөз болды.
Мемлекет басшысы ұсынған партияны модернизациялау бағдарламасының 7 басымдығының бағыты — халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру, партияластар арасында ынтымақтастықты, ашықтықты және бақылауды күшейту басты назарда болмақ.
Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру үшін қоғамдық кеңестердің санын оңтайландырып, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа ауыстырылатындығы да айтылды.
Баяндама жасаған партия мүшелері партияны модернизациялаудың басым бағыттарының әрқайсысына жеке — жеке тоқталып, алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс жұмыстар туралы өз ойларымен бөлісті.
Жиынды қорытындылаған партия Тараз қалалық филиалының төрағасы партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау және партияны модернизациялау бағдарламасын іске асыру бойынша филиал қызметкерлеріне және бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай — ақ партияның Тараз қалалық мәслихаттағы фракциясының мүшелеріне халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру, партияластар арасында ынтымақтастықты, ашықтықты және бақылауды күшейту бойынша бірлесе жұмыс атқару жөнінде өз ұсынысын жеткізді.