ЫРЫМҒА ҚЫРЫН ҚАРАМАЙЫҚ
☝️Ырым-тыйым деген не, қазір ол керек пе?
⚜️Ырым-тыйым -қазақтың тәлім-тәрбие институты.
Ұрпағын “ұят болады, жаман болады, обал болады” деп тәрбиелеген бабаларымыз, бізге ұлттық құндылықтар арқылы ұлттық тәлім-тәрбиеге үндейтін мол рухани қазына қалдырған.
☝️Оның қадірін қаншалықты біліп, мағынасын ұғынып жүрміз бе?!
⚜️Ырым бұл — халқымыздың сенімі, өзіне психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуі.
Яғни, ырымның астарында “солай болса екен, сондай болса екен” деген ізгі ой, тілек, сенім жатыр.
⚜️Ал тыйым бұл -тәрбие.
Тыйымдар арқылы баланы жаман нәрседен тыйған, қауіп-қатердің алдын ескерткен. Жаманнан жиренуге шақырған.
⚜️Табиғатпен үндес халқымыз, Табиғат ана берген игілікті қадірлеп, қасиетін білген.
Ғалым, академик болмаса да, экологиялық тәрбиені бала бойына бесіктен сіңдірген.
⚜️Қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға үйреткен.
“Көкті жұлма. Бір тал кессең, он тал ек. Құстың ұясын бұзба”,-деген тыйымдар соның дәлелі.
⚜️ Бабаларымыз жайлаудан қыстауға көшерде де, орнын тазалап, жиып кеткен екен.
☝️Бүгінде табиғатқа шықтық деп, артын қоқсытып кетіп жатқандарға қарап, сол қазақтың бүгінгі ұрпағы осындай екеніне қынжыламын.
⚜️Бала кезімізде “нан қоқымын жеп қой, бай боласың” дегенді бәріміз естіп өстік.
Осы ырымның мағынасы нан қоқымын жеп бай болу емес, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрену, бастысы ысырапшылдыққа жол бермеу.
⚜️“Босағаны керме, табалдырықта тұрма” дейтін.
Неге десек, жаман болады дейтін. Оның ар жағын қазбалап сұрамайтынбыз.
☝️Сөйтсек, мағынасы терең ырым екен. Жау шапқанда табалдырықта тұрып, босағаны керген дейді.
Және жаманшылық әкелген адам босағаны керіп тұрған деседі.
Халқымыз “босағаны керу” жаманшылық шақырады деп сенген.
⚜️Әйел мен ер адам үйдің екі босағасындай, оны керсең, екеуінің арасын ажыратасың деген ұғым да болған.
⚜️“Шашыңды жайма, жаман болады” дейтін баяғыда аналарымыз.
Шаш -әйел затының ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш.
Күш-қуатты сақтау үшін шашты өріп, не түйіп қою керек.
Шаш ұзын болған сайын әйелде энергия көп болады екен.
⚜️Қыздың арқаға түскен бұрымы бойжеткенге ерекше күш-қуат береді екен.
Жайылған шаш жаман энергетиканы тез тартады.
⚜️Ырым-тыйым дейміз, жай ырым-тыйым емес, мағынасы терең философия екенін бүгінгі ұрпақ білуі керек.
☝️Былтыр “Сарыжайлауымызға” балалар келді. Ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көріп “олай етпеңдер” десем, “неге болмайды?” дейді.
Осыған қарап-ақ, табиғатты аялау, экологиялық сабақтар жайлы не үйде не мектепте айтылмайтынын байқауға болады.
☝️Ал дала академиктері болған дана бабаларымыз ырым-тыйымдармен, қисса-аңыздармен, ертегілермен-ақ есті, көкірек көзі ояу ұрпақ тәрбиелеген.
⚜️ Ұрпағымызға ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие берсек, адами қасиетті биік қоятын, қоршаған орта мен табиғатты қорғайтын, экологиялық сауатты азаматтар болады.
☝️Әйтпесе, қанша қаражат бөліп, күресіп жүрміз, күресіп жүрміз, еш нәтиже жоқ.
⚜️Тәрбиені тал бесіктен бастайық!
Және де тәрбиемізді тамырдан тартайық!
Тұрар САТТАРҚЫЗЫ ФБ парақшасынан
#Қарашаңырақ
#Ұлттықтәрбие
#Ұлттыққұндылық
#Салтдәстүр