«Ырыс алды ынтымақ»


Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев бекіткен жылдық жоспарға сәйкес, өңір имамдары өздеріне тиісті тапсырмаларды алған.
Жоспарды орындау мақсатында апта басында Шу ауданы «Төле би» мешітінде қалалық және ауылдық мешіттердің қызметкерлеріне арналған «Ырыс алды ынтымақ» атты семинар-тренинг өткізілді. Аталған жиынға ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы, «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы және қалалық, ауылдық мешіттің қызметкерлері қатысты.


✅Жалпы жиналыста тақырып бойынша мазмұнды әңгімелер айтылып, осы бағыттағы жұмысты ширата түсу керектігі айтылды.

Сонымен қатар белгіленген 7 бағыт бойынша жұмыстарды жандандыру, оны жүзеге асыру туралы Бахтияр Амантайұлы тәптіштеп түсіндірді.

Сол сияқты Талғат Кәрібайұлы имам-молдаларға әлеуметтік желінің әлеуетін пайдалану, онлайн және офлайн уағыздарды көбірек айту, маңызы зор шараларды ұйымдастыру, жастармен тығыз жұмыс істеу қажет екенін тілге тиек етті. Мешіттің ішкі, сыртқы тазалығын ұдайы назарда ұстау керектігі осы жиында көтерілді.

 

Шу ауданы әкімдігі