Зағип жандарға арналған SMART-тақия (Фото)
Оқушы бұл іске бір айға жуық уақытын жұмсаған
«Тақияда қарапайым ұялы телефоннан алынған қозғалыс датчигі бар. Ол дірілдеткіш моторға (вибромотор) сигнал береді. Адам жүрген кезде тақиядағы сенсорлар алдағы кедергілерді қарап отырады. Қандай да бір кедергіні байқағанда SMART-тақия дірілдей бастайды. Содан кейін тақиялы адам тиісті жағына бұрылып, қозғалыс бағытын өзгерте алады. Жоба Арудино микроплатасында жасалды. Менің осы жобам көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға көмектесе алады деген үміттенемін» , — дейді жас өнертапқыш.