Залымның дәулеті әулетіне дарымас (Арам пиғыл, жаман мінез туралы мақал-мәтелдер)

 Арам пиғыл, жаман мінез, сұм әрекет – дүниеден қалмайтын жамандық атаулары. Олар ерді, жанұяны, елді, ұрпақты – тұтас ұлтты құртады. Халық педагогикасында осы қасиеттерді сөзбен түзеп, ұрпақ санасына адал әрі ақ ниетті бере білген. Солардың бірі мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Олай болса, сұм қасиеттерден адам болайық.

Сұм сипап отырып шымшиды.
Қудың аяғына су жұқпас.
Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.

Арам әрекет елден бездірер.

Аңқау астыңа қарайды,
Арамза үстіңе қарайды.

Арамның ісі өрге баспайды,
Өрге басса да, өрден аспайды.

Қазанға – қақпақ, есікке – іргенек.

Жексұрынды көрсе ел,
Жүрсе жер тітіркенеді.

Арамза шілдеде мұз қатырады.

Байдан пайда, қудан айла артылмас.

Арам қара суды теріс аққызады.

Қулығына құрық бойламайды.

Залымның дәулеті әулетіне дарымас.

«Илла, біллә» – арамның анты.

Сұм ілем деп жүріп, ілініп кетеді.

Шелді көзден шет жүр.

Арамның адымы қысқа.

Тасқа тісі өтпеген жылайды.

Іш мерездің ішінде,
Ит өліп жатса да білмейсің.

Бай қасына көшіп бар да,
Байымасаң, маған кел.
Қу қасына көшіп бар да,
Құрымасаң, маған кел.

Надан, пасық
Сөге өгіздей жайылады.
Тойғаннан соң,
Жатып күйіс қайырады.

massaget.kz