ЗӘУЛІМ ҚОРҒАНДАРДАН МЫСЫҚТАЙ ҚАРҒИДЫ
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақты сипаттауы
Жазушы «Балуан Шолақ» кітабында былай деп жазады: «Жұрттың айтуынша, Балуан Шолақ атан өгізді бұзаудай арқалап әкетеді, етіне темір қысқаш батпайды, білектей темірлерді сымдай бұрайды, асау атты жалғыз ұстап үйретіп мінеді, зәулім қорғандардан мысықтай қарғиды, ағаш үйдің қабырғасын басымен сүзіп құлатады, дария көлдерден үйректей жүзіп етеді, жүгіргенде жөбішенді атқа жеткізбейді, бір жеуіне бір тайдың еті жұқ болмайды, киімді салдарша малынып, киінеді. Сөйлесе кетсе, алдырмайтын шешен, қасарысқан адамына мейірімсіз, досына қоң етін кесіп берсе, «е» демейтін шыдамды».
Ал Балуан Шолақтың өзі:
Бұл күнде отыз бесте менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын, – дейді.
1 пұт – 16,38 кг. 51 х 16,38 = 835,38 кг! Жер шарының басқа қиырында да осындай сирек туатын алыптар болған шығар. Ең бастысы, Балуан Шолақ атамыз бесаспап саңлақ: сұрапыл күш иесі, әдісқой балуан, қылқұйрықтан қалыспайтын желаяқ, шапқан аттың үстінде небір күрделі қимылдар жасайтын жүрек жұтқан өнерпаз, асау толқындармен жарысқан жүзуші, биік қорғандардан қиналмай қарғитын сандалкер, досын сатпайтын асыл ер…