Зейнеп Ахметова: Қазіргі көп қыздарда еркек қызығатын ештеңе қалмады
«Асыл арна» телеарнасына сұхбат берген Зейнеп Ахметова бүгінгі көп қыздардың жігіт қызығатындай ештеңесі қалмады дейді. Қазақтың талай қызына үлгі болып жүрген Момышұлының келіні қазіргі қыз -келіншектердің жігіттермен бірдей шалбар киіп алатынына қынжылды.
Зейнеп апамыз көйлек пен орамал қашанда қыздардың сән дейді.
«көйлегінің астында не бар екен деп жүрсе, қазір соның бәрі ашық. Жастардың сөзімен айтқанда ешқандай «романтика» қалған жоқ, жігіт қызығатын ештеме қалмады. Жігіттердің де әсері болуы керек. Қасында шалбар киіп, тура өзінен аумайтын қызбен кетіп бара жатқан жігіттердің не ойлайтынын білмеймін»,- дейді ол.
Еске салсақ, Зейнеп Ахметова қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайынатасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.