Зейнеп Ахметова – Отпан тауда.
А уданымыздағы «Отпан» тарихи мәдени кешеніне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова арнайы келді.
Зенйеп Ахметова бастаған қонақтар алдымен «Отпан» кешенін аралап, өлке тарихымен танысты. Бұдан соң шара кешен ішіндегі коференц залда ауыл жастарымен тұрғындарының қатысуымен дөңгелек үстел жиынын өткізді.
Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутов, аудандық Жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев, ҚР Спорт қайраткері С.Тілегенов, ардагер С.Мұңатов және аудандағы жас мамандары мен колледж студенттері, Жыңғылды мен Тұщыбек ауылының тұрғындары қатысты.
Жиынды жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиында сөз алған Е.Махмутов: «Зейнеп Ахметова – қазақ ұлтыныңысалт дәстүрлерінің жанашыры, жазушы, батыр Баукең ағамыздың келіні. Қазақ әйелдерінің эталоны. Бүгінгі жастар Зейнеп апамыздың мәнді де мағыналы әңгімелерін құлақтарына құйып алса өте жасқа болар еді. Өйткені бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер отбасыдан бастау алып отырғаны жасырын емес.» деді.
Дөңгелек үстелде Зейнеп Ахметова : «Бүгінгі жастар өздерінің алдымен үлгілі жақтарымен көрінуі керек. Отбасындағы тәлім тәрбие жастардың келешегіне зор ықпал етеді. Тәрбиесіз өскен ұрпақ кез келген ұлттың болашағына балта шабатын болады. Сондықтан жастарға қарап келшегіміз айқындалып көрінеді. Отбасы инстиуты бүгінгі таңда ең өзекті мәслеге айналды. Неге? Өйткені отбасының қамын ойлайтын әке ақщаны,жанұяның жылуын ойлайтын әйел басқаны ойлап кетті. Сосын барып жанұялық жүйе бұзылды. Міне бар бәліе осыдан басталып отыр.» деді.
Жиында ақындар Сабақбай Тілегенов пен Кадірбек Тасқаралар Зенепаға арнаған өлең жырларын оқыса,ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сауалдары мен пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелке үстел соңында Зейнеп апайдың оқырмандары жазушы апаймен естелік суретке түсті.
Қалампыр Төлегенқызы.
Жастар орталығының маманы.
Маңғыстау ауданы.