Зейнетақы қорындағы ақшамен ипотеканы жабуға бола ма?
Зейнетақы қорындағы ақшамен ипотеканы жабуға бола ма? Ай сайынғы төлемдерді зейнетақы қорындағы ақшамен жабуға бола ма? Кrisha.kz ипотека төлемдерін жеңілдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшаны қалай пайдалануға болады.
Әрбір жас мөлшері үшін зейнетақы қорларының жеткіліктілігінің шегі белгіленеді, бұл — БЖЗҚ шотында сақталуы тиіс жинақтың белгілі бір сомасы.
Артық ақшаға пәтер, үй немесе құрылысқа жер сатып алуға болады. Немесе сома жеткіліксіз болса, оны ипотека бойынша бастапқы жарна ретінде пайаланыңыз, немесе сол жерде мүлік сомасының 50 пайызын жинақтау үшін 1Отбасы банкіндегі1 депозитке аударыңыз, содан кейін тұрғын үй несиесін рәсімдеңіз.
Несиесі бар адамдар үшін артық ақшаны ипотеканы ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге пайдалануға болады.
- Сондай-ақ, ипотекалық төлемдерді зейнетақы жарналарымен жабуға болады. Дегенмен, қолжетімді сома ай сайынғы ипотекалық төлемнен аз болса да, артық зейнетақыңызды пайдалана аласыз. Немесе керісінше, егер артық сома үлкен болса және оны толығымен пайдаланғыңыз келмесе, бір төлемге тең соманы алуға болады. Қалған ақша зейнетақы шотында қалады.
- Ипотекалық несиені өтеу үшін артық зейнетақыны автоматты түрде шығаруға болмайды. Әр жолы БЖЗҚ-дан қаражат алу үшін жаңа сұраныс толтыру қажет. Ақша шотқа түскеннен кейін 20 күн ішінде несиені өтеуге жұмсалғаны маңызды. Банк бұл ақшаны уақытында есептен шығару үшін ақшаны алу күнін несие бойынша төлем күнімен сәйкестендірген дұрыс. Ипотекалық төлемді өтеу үшін артық соманы алу туралы өтінішті ай сайын жасауға болады.
- Артық соманы несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін шексіз пайдалана беруге болады. Салымшы БЖЗҚ-дан алынған қаражатты бір мақсатқа немесе әртүрлі мақсатқа да бағыттауға құқылы.
- Ипотека зейнетақы қорындағы ақшамен жабылса, пәтерді сатуға тыйым жоқ. Пәтерді ипотека өтеліп, пәтердегі ауыртпалық (кепіл) жойылғаннан кейін бірден сатуға болады.
- Туыстардың зейнетақысын ипотека төлеуге жұмсауға болады. Ол үшін зейнетақыны табыстау (уступка пенсионных ) жасау керек.
Massaget.kz тілшісі «Астана» телеарнасы