ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ЗОР ҚҰРМЕТ – ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫС

Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған Арыстанды ауылының зейнеткерлеріне құрмет көрсетілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлері ауыл ақсақалдарының үйлеріне арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді.
Кездесу барысында зейнеткерлерге естелік сыйлықтар табысталып, мерекенің ел бірлігі мен татулығын нығайтудағы маңызы ерекше аталып өтті. Ауыл тұрғындары бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп, бірлік пен достықты дәріптейтін осындай шаралардың жалғасуын тіледі.

Сарысу ауданы әкімдігі