Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес

Бүгін 20-мамыр күні Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсімінен кейінгі сөзінде Жоғары Раданы тарату туралы бұйрық берді.

Сонымен қатар, жаңа сайланған президент депутаттық дербестікті жою туралы, заңсыз ақша жымқыру туралы заңды қабылдау үшін Радаға екі ай берді. Оған қоса Зеленский Қауіпсіздік қызметінің басшысы, Украинаның Бас прокуроры, Қорғаныс министрін жұмыстан босатуды тапсырды.

“Ешқандай кабинетте менің суретім ілінбеуі керек. Президент – табынатын икона емес, президент портрет емес! Елімізде бейітбітшілік орнағанда, мен өз орнымнан кетемін. Соғысты бастаған біз емес, бірақ та оны аяқтау – парызымыз,” – деді жаңадан сайланған президент.

Жоғары Раданың алдында Владимир Зеленский  ел көңілінен шығатын жалынды сөздер айтты.

–Біздің әрқайсысымыз – Президент.

–Жер жүзіндегі украиндықтарды елге шақырып, барлығына азаматтық беремін.

 

–Үкімет біздің проблеманы шешпейді. Үкіметтің өзі – біздің проблемамыз!

–Алдағы бес жылда Украина халқы жыламас үшін барлық нәрсені істеймін.

Естеріңізге сала кетейік, 41 жастағы шоумен Владимир Зеленский Украинадағы президенттік сайлаудың екінші айналымында елдің қазіргі президенті Петр Порошенконы 73 пайыз дауыс жинап жеңген.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.