Зерделеу
Аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен Аймантөбе ауылындағы 10 га, Базарбай ауылындағы 47 га жердегі инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым алқабындағы жеке тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Зерделеу барысында құрылысы әлі күнге басталмаған құрылыс жұмыстарының себептерін анықтап, мерзімі өткен жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару туралы тұрғындарға хабарлама тарату жөнінде ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берді.