ЗЕРЕК АДАМ, ЗЕРДЕСІНЕ ТОҚИДЫ…….

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыздың бойында ерекше он екі қасиеті болатын. Соның бүгін үшіншісіне тоқталсам.
Үшінші қасиеті туралы әл-Фараби бабамыз былай дейді: «Ел тізгінін ұстаған жан өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болсын» – дейді.
Димекең зерделілігі өз алдына – есте сақтау қабілеті аңызға айналған. Өзі араласқан оқиғалардың жыл, ай-күні тіпті, сағат, минутына дейін ол кісінің есінде өле-өлгенше сақталған.
Қазақстандағы мыңдаған колхоз-совхоздардың, жер-судың және озат шопан, механизаторлардың есімін өмірінде ұмытпаған.
Өндіріс, экономикаға байланысты сандар мен цифрларды кез келген жағдайда жаңылмай айтып отыратыны ғалымдардың өзін қайран қалдырған.
Димекең естелігінде сүйген жары, өмірлік серігі Зухра Шәріпқызымен қанша жыл, қанша ай және қанша күн бірге болып, өмір сүргенін жарықтық сағатына дейін есіне сақтаған ғой.
О. Қауғабай.