Ж. Аймауытовтың 130 жылдығына арналды

            Павлодарда мұғалімдер арасында тұңғыш рет Жүсіпбек аймауытовтың шығармашылығына арналған байқау өтті. Байқау   Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған Павлодардың атынан Бауыржан Момышұлы атындағы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағдат Сибанбаева қатысты.

 

Облыстық байқау Баянауыл ауданы Ж. Аймауытов атындағы орта мектепте өткізілді. Облыс мектептерінен 40 ұстаз бақ сынады. Байқаудың ұйымдастырушылары – облыстық білім беру басқармасы және «Мәшһүр Жүсіп» қоры.

Бағдат Акрамқызы «Сөз жампозы — Жүсіпбек» аталымы бойынша бақ сынап, «Бүгінгі күннің биігіндегі Жүсіпбек Аймауытов» тақырыбында эссе жазған еді. Шығармасы қазылар алқасының тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі ІІ орынды иеленді

Бағдат Акрамқызы Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ екінші жыл қызмет атқаруда. Осы уақыт ішінде өзі түрлі сайыстар қатысып жүлделі орын алса, дайындаған шәкірттері әртүрлі байқауларға, пән олимпиадаларына қатысып топ жарып жүр. Мысалы былтыр 5-сынып оқушысы Мұратов Ахмет қалалық «Махамбет оқулары» сайысында ІІ орынды иеленсе, 6-сынып оқушысы Кенхан Ақнұр қалалық Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған қалалық сайысында жеңімпаз атанды.