Ж.Руми:: “Дұшпаныңды қадiрлегiң келсе,оның да сенi жақсы көруiн тiлесең, қырық күн оның жақсылығын айт….»

Ж.Руми: “Мен сiз­дер­ге iштей және ашық түрде тамақты аз жеудi, аз ұйықтауды, аз сөйлеудi, күнә­ларыңнан арылуды, әрдайым нәп­сiқұмар­лықтан қашық жүрудi, қиыншылық пен азапқа шыдауды, надандардан аулақ, ал әдептi және оқыған адамдармен дос болуды өсиет етемiн. Өйткенi нағыз адам – бас­қаларға пайдасы тиген адам. Сөздiң жақсысы қысқа әрi мәндi болады”,– дейдi. Сонымен бiрге ұлы философ: “Егер сендұшпаныңды қадiрлегiң келсе, сонымен қатар дұшпаныңның да сенi жақсы көруiн тiлесең, қырық күн оның жақсылығын айт. Ол дұшпаның саған дос болады: өйткенi қөңiлден тiлге жол болғаны сияқты, тiлден де көңiлге жол болады. Тандыр қаншалықты ыс­тық болса, соншалықты нан дәмдi пiсiрiледi. Суық болса нан пiс­пейдi” дейдi.ппп