Ж.Түймебаев: «Азаматтық қоғам институттары – билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір іспетті..»

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма, бизнес-құрылым және коммерциялық ұйымдар басшылары, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйым басшылары мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев жүргізіп отырды.

 

Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс «Азаматтық қоғам институттары

– билік пен бұқараның арасындағы көпір іспетті. Жалпы, қандай да бір істе болмасын, өзара бірлік пен ынтымақтың арқасында, түсіністіктің нәтижесінде жүзеге асыруымыз қажет. Осы ретте

сіздерге тек үкімет қаржысына ғана қарап отырмай, бизнес құрылымдармен бірлесе, ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамын, яғни үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс. көпір

Сонда ғана қоғамның өміршең проблемаларын түпкілікті шешуге қол жеткізетін боламыз», — деді Жансейіт Қансейітұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыстағы қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда өңірімізде 1268 қоғамдық ұйым тіркелген. Оның 558-і үкіметтік емес ұйым болса, 174-і белсенді үкіметтік емес ұйым саналады. Облыста үкіметтік емес ұйымдар қолдау мақсатында жыл сайын қаржыландыру көлемі артып келеді. Нәтижесінде өңірімізде 200-ге жуық жоба жүзеге асырылуда.

«Алайда кейбір салалар бойынша жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Атап айтар болсам, дін саласындағы түсіндіру және насихат, мемлекеттік жастар саясаты, суицид мәселесі, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, этносаралық ынтымақ, білім саласындағы жемқорлық, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерінде үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі әлі де болса төмен» — деді Ұласбек Сәдібеков.

Мәжілісте сөз алған «ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбек мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұзақ мерзімді 3 жылдық конкурс өткізу мәселесін көтерді. Ал, Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вадим Торопов Ордабасы, Сайрам, Бәйдібек, Түлкібас, Шардара аудандарында «Инва Такси» қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсынысын жеткізді.

Мұнан соң мінберге «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Саржанов, «ҚР жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағы» ОҚО бойынша қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Майханов, «Балаларды СПИД-тен қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жаннета Жазықбаева, «Дос-Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанысбек Өтегеновтер баяндама жасап, бірқатар ұтымды ұсыныстарын жеткізді.

Жиынды қорытқан облыс әкімі өңіріміздегі үкіметтік емес сектордың белсенділігін арттыру мақсатында бизнес құрылымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта жұмыс атқаруға шақырды.

.Жиын соңында өңір басшысы облыстағы белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.

Нұр Мекен