Жабайы саудаға жоламаңыз!

Әрқайсысымызды өмірімізде бір рет болсын жабайы сауданың төмен бағасы қызықтырған болар. Алайда көпшілігіміз үйге барған соң, алған өніміміздің сапасының нашарлығына көзіміз жетіп, көңіліміз қалып жатады. Әсіресе тамақтан улану жағдайларында 100 есе шығынға апарады.

Жабайы сауда дегеніміз не, адамға қандай қауіп-қатері бар? Айта кетер болсақ бұл орындарда санитариялық талаптар бұзылып, белгісіз тауармен сауда жасалынады, сатылатын өнімдер қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттарсыз сатылады. Сонымен қатар сауда орындары көбінде көлік жолдарына жақын орналасады, сол себепті өнімдер тез шаң басып, көлік түтінімен ластанады.
Сондай-ақ сол жабайы сауда орындарында сатылатын өнімдердің сапасына ешкім жауап бермейтіні бәріне белгілі, тұтынушылар болса денсаулықтарына қандай қауіп төнетінін мүлдем ойламайды. Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары сол заңсыз сауда орындарының қаладағы көшелерінде, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде болмауына барлық күштерін салуда.
Жабайы сауда орындарында өнімдерге қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптары өрескел бұзылып сатылады: мысалы, сатылатын өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттар болмайды, кейбір кезде сатылатын тауар жерде, антисанитариялық жағдайлар да сатылады, тез бұзылатын өнімдер мұздатылған жерде сақталынбайды, сатушылар медициналық тексерістен өтпейді және т.б.
Көбінесе, жұқпалы (инфекциялық) аурулар бойынша хабарлама келіп түскен кезде, ауырғандар өз ауруын сол жабайы сауда орындарындарда алынған өнімдермен байланыстырады.
Мәселен, балық пен ет өнімдері — сальмоннелез, бруцеллез ауыр паразиттік ауруларына, саңырауқұлақтар мен үй жағдайларында консервіленген жемістер — ботулизмге, тез бұзылатын тағамдар (сүт өнімдері, кремдік-кондитерлік өнімдер) — жедел ішек ауруларына және тамақтан улану жағдайларына әкеліп соғады. Сіз сатушының жеке медициналық кітапшасы бар ма, алдын ала медициналық тексерістен өтті ме? Соны сұраңыз!!!
Құрметті оқырман, өз денсаулығымызды қадірлейік, жабайы сауда орындарынан өнімдер сатып алмайық. Денсаулықтарынызды сақтаңыздар әрдәйым!!!

Сейдуалиев Вахит Қалийұлы,
Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасының басшысы

Әсел Қондыбаева,
санитариялық-гигиеналық қадағалау 
бөлімінің бас маманы