Жайылмада жастар саябағы ашылды.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге туың тік» айдарымен «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны баршаңызға мәлім.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында Сарысу ауданында үлкен сауапты іс атқарылды. Ауылдық жерлерде де жомарт қол азаматтарымыз өз үлестерін қосуда.
Осындай игі іс бүгін Жайылма ауылында жүзеге асты.
«Түлектер тартуы» жобасы аясында рухани жаңғыру бағытында 1980 жылы Донда Сенбин мектебін 40 жыл бұрын бітірген түлектердің қолдауымен, Жайылма ауылдық округі Маятас ауылына «Жастар саябағы» салынды.
Жаңаша құлпырған демалыс орнына – жастар саябағы атауы берілді. Саябақтың ашылуында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есмұрзаев Мұратбек Бұралқыұлы және
Маятас ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұржан Қойшыбаев:
— Халықтың «Туған жерге туың тік» сөзін осындай игілікті шаруаға айналдырғалы шалғайдағы ауылдар біршама жанданып келеді.
Аталған ауылда «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылған екінші бір маңызды шаруа – жаңадан ашылған «Жастар» саябағы. Саябақ осындағы 40 жыл толғандардың бірігіп тындырған істерінің нәтижесі. Жомарттықтарын туған ауылына жұмсап жатқан түлектердің әрқайсы – елінің нағыз патриоты,-деп ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, игі іске атсалысқан түлектерге алғыстарын жеткізді.
Мектеп жанында бос тұрған қоршаулы алаңнан орын тепкен саябаққа оннан аса тал түрлері отырғызылып, арнайы демалып отыратын орындықтар қойылған.
Расында отбасынан артылғанын Отанының бос орнына кірпіш қылып қалағаны осы емес пе?
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.