Жақсы әйел мына 5 нәрсені жасамайды
- Ызыңдамайды.
Жұбайыңыз – ақыл-есі, санасы бар жеке тұлға. Ол өз міндеттерін біледі. Ананы, мынаны бір айтып, үнемі көңіліңіз толмай «миын жей» бергеннен сізден суып кетуі мүмкін.
- Шағым жасамайды.
Бұл ешқашан керектіңізді айтпау деген сөз емес. Отбасының материалдық жағдайын, не бар, не жоғын сіз көбірек білесіз. Жоғыңызды айтып, түгелдеп тұру керек. Бірақ «жоқты» күнде айтып, оны жалықтырып жібермеңіз.
- Өсек айтпайды.
Күйеуіңіз құрбыларыңызға, анаңызға отбасылық сырларыңызды жайғаныңызды қаламайды. Оның кемшілігін айтып өзгелерге жамандағаныңыз мүлде ұнамайды.
- Сыйламаушылық танытпайды.
Ер адамдар әйелінің өзін сыйлап, бағалай білгенін жақсы көреді. Күйеуінің айтқанын орындап, маңызды мәселелерде соңғы сөз ер адамдікі болғаны дұрыс. Ал әйелінің сөз таластырып, сыйламай, еркектік намысына тигенін жек көреді.
- Өзгелермен салыстырмайды.
«Әне, жұрттың күйеуі сондай… әйеліне ананы алып беріпті, қалағанын жасайды, сондай жақсы! Ал сен ше? Қолыңнан не келеді?» деп айта көрмеңіз! Оны естіген күйеуіңіздің салы суға кетіп, сізден көңілі қалып, өзін-өзі жегідей жеп қояды немесе, керісінше, «онда соның әйелі болсайшы» деп қойып қалады. Содан жанжал басталады.
Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы