ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Жаңа жыл қарсаңында фосфор өндірушілердің кәсіподақ ұйымы қайырымдылық шара жасады. «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кәсіпорнында еңбек ететін, отбасында мүгедек балалар тәрбиелеп отырған 24 отбасына жаңа жылдық сыйлықтар берді. Өз кезегінде сыйлыққа ие болған азаматтар ризашылықтарын білдіріп алғыстарын жаудырып жатты. «Кәсіподақ ұйымы мұндай қайрымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастыратын болады» деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Абилғазиев Ізбасар Маратұлы бізбен кездесуінде. Әрине, жақсы істердің өз жалғасын тапқанын біз қуана қабылдаймыз.

Диханбай Акдилда