Жақсы мен жаманды айырып, ізгілікке ұмтылу – тектілік!

Кезінде бір би көпшіліктің ортасында отырған Сырым батырды сынамақ болып:
«Әй, Сырым, қарадан туып хан болғаның қалай? Айырдан туып нар болғаның қалай? Жоқтан бар болғаның қалай?» деп сұрапты. Сонда Сырым: «Қарадан туып хан болсам, халқым қалаған шығар, айырдан туып нар болсам, атам жараған шығар, жоқтан бар болсам, Құдай қараған шығар», — деп жауап берген екен.
Демек, тектілік ананың сүті, атаның қанымен келеді. Тектілік отбасындағы тәрбиемен, өмірде көрген тәжірибемен қалыптасады. Абай атамыз айтпақшы, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» (19-қара сөз).
Иә жақсы мен жаманды айырып, ізгілікке ұмтылу да – тектілік!