Жақсы мен жаманның 9 белгісі

Ата-бабам айтады «Үйде де, түзде де,жоқ болма, бар бол, тар болма,кең бол,кем болма, мол бол, бұл адамдықтың белгісі» деп.Жанға дауа болатын жақсы қасиет үш-ақ түсінікпен мағына береді.Олар ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.Қалған жақсы қасиеттер осы түсініктерден бастау алады.

Батыр болу шарт емес, текті, рухты,

Бай да болу шарт емес,епті, мықты.

Жәй ғана бір жақсылық жасау үшін,

Мейірімді болғаны жеткілікті — бұл Қалқаман Сариннің үндеуі.

Жақсы қасиеттің 9 белгісі

1)Имандылық,

2)Еңбекқорлық,

3)Адалдық,

4)Білімділік,

5)Қайырымдылық,

6)Сабырлық,

7)Жомарттық,

8)Қанағатшылдық,

9)Қарапайымдылық

Күн мен түн, аспан мен жер, жарық пен қараңғы, жұмақ пен тозақ, жақсы мен жаман секілді қай нәрсенің болмасың ақ қарасы болады.

Енді, жаман қасиеттің 9 белгісі

1)Имансыздық,

2)Жалқаулық,

3)Екі жүзділік,

4)Надандық,

5)Тас жүректік,

6)Ашушаңдық,

7)Сараңдық,

8)Дүниеқоңыздық,

9)Тәккаппарлық

Адамдардың тұла бойынан осы қасиеттердің бірін байқасаңыз, бірден аңғарасыз.Бірақ адам туа жаман болмайды,жүре жаман болады.Жаман болмайық, жақсы болайық,ең бастысы адам болайық.

massaget.kz