ЖАҚСЫ СӨЗ..
⠀Кейде адамға бір сөзді айтқаннан гөрі мүлде үндемей қалғаны жақсырақ болады. Иә, жаман сөз айтқаннан үндемей қалған әлдеқайда артық. Себебі, адамның әр сөзін бақылаушы, жазып тұрушы періштелер бар. Өзі жоқтың көзі жоқ деп өзгенің артынан түрлі жағымсыз сөз айтқан пенде рызық несібесі азайып
Алланың қаһарына ұшыраушы…
⠀
«Жақсы сөз» дегеніміз – ең әдемі сөз емес, жақсы сөз дегеніміз – ұйқасы мен бунағы, буыны мен ырғағы тең келетін сылдыр сөз де емес.
Жақсы сөз – адамның бұл дүниесіне де, Ақыретіне де пайда келтіретін сөз!
⠀
Жақсы сөз.
Өзгелердің көңілін көтеру үшін айтылатын есті сөз;
Мұңайған жанға үміт сыйлау үшін, жаны жаралы жанның көңіліне медеу болу үшін айтылған демеу сөз;
Қарыз сұрап келген адамға ақшалай көмектесе алмасаңыз да, оның мұңымен бөлісіп, оған сенім, жігер сыйлайтын уытты сөз;
Адамдардың арасын жарастыру үшін айтылған жылы сөз;
Біреудің қатесін түзету үшін жанашырлықпен айтылған шынайы сөз;
⠀
Міне, өз иесін тауып жатқан жүйелі сөздің барлығын «жақсы сөз» деп атаймыз. «Жүрек таза болғанда ғана тілден әдемі сөз шығады» дейді. Сөз – адамның адамгершілігі мен парасат деңгейінің айнасы. Сөз – жан азығы. Ендеше, тіліміз осындай жақсы сөздерді айтудан құрғамасын деп тілейміз…
…