Жақсылық жасаған адам алғыс айтсын
Бірде бір медресенің Ұстазы қазіргісінен үлкенірек ғимарат салу үшін ақша жинайды. Үлкен қаладан келген көпес 500 кесек алтын береді. Кең ғимарат салып, жастарды көбірек оқытсын дейді.
Ұстаз оған:
— Жақсы, алтыныңды аламын, — дейді.
Көпес алтын толы дорбасын Ұстазға беруін берсе де, оның сөздеріне көңілі толмайды. Бір адам үш алтын кесекке бір жыл өмір сүре алады, ал бұл болса бақандай 500 алтын кесек беріп тұр емес пе!
— Мына дорбада 500 алтын бар, — дейді сөз арасында көпес.
— Оны жаңа ғана айттың ғой, — дейді Ұстаз.
— Мен бай адам болсам да, 500 алтын мен үшін де көп ақша, — дейді көпес.
— Сонда әкеп тұрған алтының үшін мен саған алғыс айтуым керек пе? – деп сұрайды Ұстаз.
— Әрине, — дейді көпес.
— Неге мен алғыс айтуым керек? – деп сұрайды Ұстаз. – Жақсылық жасаған адам алғыс айтуы міндетті.
Аударған Шынар Әбілдә