Жақын уақытта Қазақстанда вирустық гепатиттерді емдеуге арналған инновациялық дәрілер пайда болады

Жақын уақытта Қазақстанда вирустық гепатиттерді емдеуге арналған инновациялық дәрілер пайда болады

         Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасында қол қойылған келісімнің арқасында қазақстандықтар пациенттер үшін вирустық гепатиттерді Софосбувир және Даклатасвир инновациялық препараттарымен ең заманауи емдеу қолжетімді болмақ.

Келісімге қол қою салтанатына ҚР-дағы БҰҰДБ тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.

Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде Министрлік халықты С вирустық гепатитін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз етуге айрықша назар аударуда.

2018 жылдан бастап Министрлік және Дәрі-дәрмектерді сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» БҰҰДБ қолдауымен вирустық гепатиттерді емдеуге үшін вирусқа қарсы ең заманауи препараттарды жеткізуді бастайды. Дәрілік заттар қазақстандық пациенттерге тегін берілетін болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуы бойынша, препараттарды БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы сатып алу мүмкіндігі қазақстандықтарға вирустық гепатиттерді емдеудің ең заманауи және қазіргі күндегі ең тиімді, жанама әсерлері жоқ дерлік, көп жағдайда ағзада вирустың болуынан түпкілікті арылуға мүмкіндік беретін еміне жол ашады.

Шарт шеңберінде 1,5 млрд. теңге сомасында дәрі сатып алу жоспарланып отыр. Салтанатты шара барысында Елжан Біртанов: «Препарат ДДСҰ ең маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізілген. БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауы арқасында біз вирустық гепатиттердің заманауи емімен қазақстандықтарды барынша қамти аламыз»,-деді.

«БҰҰДБ мандатының мәнісі — өмір бойына адам әлеуетін арттыру. Біз тұрғындардың қазіргі заманғы медициналық қызметтер мен дәрілік заттарға кеңінен қолы жетпей толыққанды әрі белсенді өмір сүру мүмкін емес деп білеміз. Осыған орай, біз бұл бастаманы іске асыру тек С гепатитіне шалдығу деңгейін төмендетуге жағдай жасап қана қоймай, мыңдаған қазақстандық пен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.» ҚР-дағы БҰҰДБ тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура салтанатты шара барысында осылай деді

        ҚР Ден саулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі