Жақын жанға ауыр сөздер айтпаңыз…

♦ Ешқашан биік шыңға шықтым деп асып-тасудың керегі жоқ, аяғың сәл тайып кетсе, жерден табыласың.

♦ Кімнің кім екенін басыңа іс түскенде білесің.

♦ Ешқашан ешкімнен кек алма, жай ғана кешіре сал. Өмір оған өзі-ақ жазасын береді.

♦ Қиындықтар – өткен өміріңнің жазасы емес, жарқын болашағыңа берілген сынақ.

♦ Көп адамдардың бетіндe көрінбейтін маска бар..

♦ Адамды кедейлік немесе байлық құртпайды, көреал­маушылық пен қызғаншақтық құртады.

♦ Өзгені төмендеткеннен өзің биік боп қалмайсың.

♦ Жаның ауырып тұрса да күлімде. Сенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім түсінбейді.

♦ «Адамдар не ойлайды?» деген сұрақ ең соңғы орында тұруы керек. Бәріне бәрібір. Өмір сенікі ғой.

♦ Өзін өзгеден жоғары қойған адамдарды тағдырдың өзі төменге түсіреді.

♦ Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол достар мен дұшпандарың көбейеді.

♦ Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.

♦ Өмірдің қиындығын көп көрген көп нәрсеге қол жеткізеді.

Өмірдің ащысын көп татқан адам тәттінің қадірін біледі.

Өмірде көз жасы көп төгілген адам шынайы күле алады.

Өмір – ең үлкен ұстаз.

♦ Егер Құдай басыңа қиыншылық берсе – сенің жеңе алатыныңа сенгені.

♦ Біреуді өсектемес бұрын оның киген аяқ киімін киіп, оның жүрген жолымен жүр. Оның жолдағы шалынған әр тасына шалын. Оның бар ауыртпалығын сезін. Содан кейін ол туралы өсек айт.

♦ Сен күн болсаң да тас секілді адамдар болады. Олар жүрегіңді жаралайды, күйе жағып қаралайды. Олардың алдында ақталма.  Себебі күнге күйе жағылмайды!

♦ Егер сізді өсектесе, қамықпаңыз. Біліңіз – құрттар тек дәмді жемістерге жабысады.

♦ Неліктен жылаған кезде адам жеңілдеп қалады? Себебі көз жасымен бірге қайғы, өкпе мен реніш шығып кетеді. Реніш кетеді, ашу басылады. Бірақ көңілің ешқашан баяғыдай болмайды.

♦ Ең бастысы – өзіңе сен. Маңыңдағы адамдардың көзқарасы күнде өзгереді.

♦ Ауыздан шыққан әрбір сөзге ие бол. Ол сөз біреудің кеудесін тесер оқ болса, енді біреуге жан жарасын емдейтін шипа болады.

♦ Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

♦ Ұлың болса ұрының сыртынан күлме.  Қызың болса жезөкшенің сыртынан күлме.  Кедейге күлме, сақауға сауал беріп, күліп жауап күтпе.

♦ Жылап жүрген бейшараға күлме, алдыңнан келуі ғажап емес.

♦ Шын ниетпен жақсылық жаса, қайтымын күтпе.

♦ Біреудің киіміне қарап өз бағаңды көтерме, мүмкін оның жан-дүниесі бағалы шығар.

♦ Сені жаратқан Алла оны да жаратқанын есіңнен шығарма. Ешкім ешкімнен артық емес.

♦ Біреуден жәбір көрген жанның дұғасын Алла қабыл етеді. Ешкімге тіліңмен де, іс-әрекетіңмен де зияныңды тигізбе.