Жақып Асанов: “Әйелімді ұрмаймын. Бір ағамыздың өмірі сабақ болды…”
Осы тақырыпты талқылауға келгенде кез-келген адам пікір білдіруге әзір. Әркімнің өз айтары бар.
Әйел қол көтеруге бола ма? Әйелге қол көтеру әлсіздіктің белгісі емес пе? Кей кездері сұрақты төтесінен қоятындар бар: “Әйелге қандай жағдайда сабасына түсіру қажет? Қандай жағдайда қол көтеруге рұқсат?” мұндайлар.
Белгілісі, бұл бітпейтін дау. Бұл орайда әзір Жоғарғы сот төрағасы қызметін атқарып отырған Жақып Асановтың мына бір сөзі ойымызға оралып отыр.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған жиында Жақып Асанов былай деген еді:
“Ол оқиға бүгінгі жиынның тақырыбымен ұйқасып отыр. 80-жылдардың соңында бір прокурор ағамыз маған ақыл-кеңесін берген еді.
“Жақып”, – деді ол. – Жақын арада мен зейнеткерлікке шығамын, саған үлкен бір қателігім жайында айтайын деп едім. Мен әйеліме де, кішкентай балаларыма да қол жұмсап, оларды ұрып-соғумен өттім. Ондай жағдайлар талай рет болған.
Қазір оның барлығы маған бумерангпен қайтып келіп отыр. Әйелім науқас болды. Ол әлі күнге дейін менің қол жұмсағанымды кешіре алмай келеді.
Балаларымның қатынасы да суып кеткен. Олар өз анасын қатты аяйды. Сен әлі жассың. Саған айтарым, әйеліңе де, балаларыңа да ешқашан қол көтеруші болма. Менің өмірім осымен бітті. Бірақ сол қателігім үшін қатты өкінемін” деді ағамыз. Біршама уақыттан кейін ол кісі қайтыс болды”.
Біздіңше “әйелді қандай жағдайда ұруға болады?” деген дөрекі сауалға осы бір оқиға жауап беріп тұрғандай.
Асановтың айтуынша, елімізде әйел адамдарға қатысты қылмыстардың саны 90 пайызға өсті. Әрбір үшінші қылмыс отбасы жағдайында болды.
Өткен жылы 36 әйел және бір бала қайтыс болса, 2 481 әйел мен 851 бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 742 әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған 175 жас өз-өзіне қол салған.
Айта кетелік, әзір елімізде “Әйелі аяла” ұлттық акциясы өтуде.
Шараның мақсаты еліміздегі әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру.
Әйелдер біз өмір сүріп отырған ортаның ажырамас, құраушы. Елімізде гендерлік теңсіздіктер әлі де бер. Бұл әсіресе экономикалық және саяси салаларда кең етек жайған. Әйелге қатысты зорлық-зомбылық туралы шынайы деректер, теңдік пен құқық мәселесі дәстүр мен əйелге қатысты санаға сіңген стереотиптің көлеңкесінде қалуда» – дейді «Сорос-Қазақстан» қорының Адам құқықтары жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.
“Әйелді аяла” акциясына Дана Нұржігіт, Ләйлә Сұлтанқызы, Бақыт Шадаева, Айна Досмұхамедқызы сияқты танымал тұлғалар атсалысуда.
Дереккөз: dalanews.kz