Жалаңаштанғандарға жаза керек!

Бүгінде жалаңаш денесін жалпақ жұртқа көрсететін қыздарымызды санамалап айтуға тіпті қолымыздың саусақтары да жетпейді. Демек, жалаңаш әншілердің көптігінен көзіміз де үйреніп бара жатқандай. Тіпті айта-айта ауыз талып, жаза-жаза жауыр болған мәселеге айналды. Бірақ бұл қыздардың бұндай қылықтарын өнердегі аға буын апалары да қош көрмепті.

 

Мәселен, еліміздің ерке қызы Мақпал Жүнісова HitТV арнасына берген сұхбатында: «Шешініп тастап, барлығын көрсетіп халықтың алдына шығу ол өнерге жатпайды. Сен халықты қаратқың келсе, әніңмен, өнеріңмен қарат. Ал мынаның бәрін шешіп тастап, жата салу, шеше салу ол әдетке айналып кетпесе болар еді. Қазір барлығы төсекте жатып, шешініп тастап, құшақтасып, сүйісіп, қалғанның барлығын көрсетіп шықты. Енді оның бәрі ұят нәрсе. Ондай қыздар елдің ыстық ықыласын алу үшін шешініп емес, әнімен көңілін табу керек. Мен оны өнер деп санамаймын», — деп жартылай шешініп, ел алдында өнер көрсететін сіңлілерін сынап алды. Сондай-ақ жезтаңдай әнші сахна мәдениеті мен отандық телеарналардың тәртібіне қатаңдық енгізу керек деп білетінін, жалаңаш әншілердің бірі Кәмшатты сахнадан қуу керектігін жасырмады.

Түйін:
Иә, ерке қыздың есті сөзі құлаққа қонымды. Расында да, бөксесін бұлтитып, төсін ашып телмірген қыздарға бәлкім осындай заң ғана тосқауыл болмаса. Еркіндік көп қыздарды еркелетіп жібергендей. Алмас қылыш су түбінде дат басып жатпайтыны сыңды, шынайы дарын иесі, кеш болса да жарып шығары заңдылық қой. Шоу-бизнесте жұрттың алдында жалаңаштанбаса да, жарып шығып жұлдыз болған есті қыздар жетерлік қой. Кешегі кеңестік кезеңде керемет болмысымен сақталған, Кәмшат Дөненбаевалардан кейін қаптаған Кәмшат есімдерін бүгінгі бөксесін бұлтитқан Кәмшаттар былғамасыншы.

Кәмшат Әбдіқадырқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған