Жалақысы жоғары мамандықтар түрлері
rbc.ru басылымы HeadHunter компаниясының зерттеуіне жүгініп, болашақтағы еңбек нарығында қандай мамандықтар табысты болатынын анықтауға тырысты.
Мамандар осы сауалдың жауабын анықтау үшін соңғы үш жылда жарияланған 13 рейтинг пен тізімді (олардың алтауы ағылшын, қалған жетеуі орыс тілінде) зерттеу нысаны ретінде алды. Осылардың ішінен ең көп таралған мамандық түрлері сараланып, олар туралы ақпарат «HeadHunter HR лига эксперттері» сотының мүшелеріне жолданды. Осы зерттеу аясында 54 сұхбат жүргізілді.
Нәтижесінде HeadHunter көзқарасымен алдағы он жылда табысты болады деген 15 мамандық алынды.. HeadHunter нұсқасы бойынша «болашағы зор мамандықтар» тізімі:
1. Биоинженер;
2. Энергияны қайта қалпына келтіру инженері;
3. «Ақылды» орта жобасын құрастырушы;
4. Робототехника саласындағы маман;
5. Кибер қауіпсіздік саласындағы маман;
6. Альтернативті энергетика саласындағы маман;
7. Нейропсихолог;
8. Биоинформатик;
9. Бағдарламашы/құрастырушы;
10. Инженер құрастырушы;
11. 3D-басып шығару инженері;
12. Гендік инженерия саласындағы маман;
13. Виртуалды шындық дизайнері;
14. Виртуалды шындық архитекторы;
15. Биофармаколог.