Жалынға жанбаған Құран Кәрім (оқиға)

Татарстанның Чистополь қаласында екіқабатты қалалық әмбебап дүкен өртеніп кетті. Салдарынан көрмеге әкелінген үй жануарлары өлді.

Қызыл жалын 3 мың шаршы метрге шарпыды. Өрт сөндірілгеннен кейін ғимаратты жалға алушы кәсіпкерлер мен сауда орны қызметкелері әлеуметтік желілерге үйінді арасында қалған Құран кітабын жарыса жариялады.

%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%bd2

Суретте ешбір зақым келмеген Құран кітабы анық көрінеді (Татар тіліндегі Нұғман тәпсірі). Бұл Құран Кәрім осы ғимараттағы зергерлік бұйым бөлімінен табылған,-деп жазды «Казан фест».

Иә, бұған дейін қасиетті Құран Кәрімнің талай топан су, селден, жалындаған өрттен аман қалғанын естіп білдік. Татарстанда болған бұл оқиға Алла Тағаланың «Хижр» сүресінің 9-аятындағы:  «Құранды біз түсірдік, қияметке дейін оны біз қорғаймыз»-деген уәдесінің бір дәлелі іспеттес.

Дереккөз: Baq.kz