Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аудандағы 38 білім беру мекемесінің 25-і – типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. (27 – орта, 10 – бастауыш, 1 – негізгі мектеп).
Жамбыл ауылынан 100 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Биыл 11 орта мектептің асханасы, шатыры, ғимараттын сырты, акт залы, қазандығы және сыртқы қоршауы жөнделді (129,4 млн). Ауданға қарасты барлық мектепке ішкі әжетханалар орнатылды (144,4 млн). Айшабибі орта мектебіндегі үш ауысымды оқытудың алдын алу үшін 300 орындық мектеп құрылысын бастауға 2021 жылға 500 млн теңге бөлініп отыр (жобалық құны 1,4 млрд теңге). Шоқай ауылынан 150 орындық мектеп құрылысына тиісті құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды (817 млн теңге).
2021 жылға Айшабибі, Амангелді, Мака­ренко және Жасөркен орта мектептерін күр­делі жөндеу үшін «Ауыл – Ел бесігі» жо­ба­­сы бойынша 359,5 млн теңге бөлініп отыр.
Барлық мектепке интернет желісі, бейнебақылау камералары орнатылған. 17 мектеп робототехникамен жабдықталған.
Ауданда 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 88,5 пайызды құраса, 3-6 жас аралығындағы көрсеткіш100 пайызға жетті.
Аудандағы 20 елді мекеннен 12 мектепке 1184 оқушы тасымалданып оқытылады.