ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 17 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Қазіргі таңда 2023-2025 жылдары Жамбыл ауданында іске асырылатын 15 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан бөлек, 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаның құжаттары қаржыландыруға дайын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы айтты. Оның сөзінше, бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс көп.
— Аудан төңірегінде арнайы экономикалық аймақ құрылып, инвесторлармен тиісті келісім-шарттар жасалуда. Нәтижесінде, ауданда 2022-2025 жылдарға жалпы құны 35,7 млрд теңгені құрайтын 13 ірі жобаның тізбесі қалыптасты. Бұл жобалар іске асқанда 441 жаңа жұмыс орны ашылып, салық базасы 365 млн теңгеге артады деп күтілуде. Қазіргі таңда 2023-2025 жылдары Жамбыл ауданында іске асырылатын 15 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан бөлек, 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаның құжаттары қаржыландыруға дайын, — деді Е.Қыдыралыұлы.
©️©️©️
❗️ Сонымен қатар, аудан әкімі мұндағы 42 елді-мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылғанын айтты. Ал биыл Бесағаш және Түрксіб ауылдарына ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары толығымен аяқталса, бұл жұмыстар Қаракемер ауылында жалғасын табуда. Десе де, ауа райының қолайсыздығына байланысты ағымдағы жылы аяқталмай қалу қаупі бар.
— Аудан бойынша 42 елді мекеннің 29-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған. Магистральды газ құбырының құрылысы аяқталып, елді-мекендерге қосу жұмыстары ұйымдастырылуда. Нәтижесінде, 9 елді-мекен көгілдір отынға қол жеткізіп, көрсеткіш 90,5 пайызға жететін болады, — деді ол.
✅ Аудан әкімі өз баяндамасында Сеңгірбай ауылын табиғи газбен қамту тиімсіз екенін атап өтіп, аудан тарапынан 3 елді-мекенді газға қосу мақсатында жобалық құжаттары әзірленіп жатқанын айтты.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі