ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 105 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

TargetAI limited компаниясы қалалық бақылау камераларына арналған аналитикалық платформаны ұсынды.
Платформа қаланың барлық камераларын бірыңғай басқарылатын интерфейске орталықтандыруға, мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін орнатуға мүмкіндік береді.
Цифрландыру және білім басқармаларына бұл жобаны зерделеу тапсырылды.
Сондай-ақ, қытайлық China CAMC Engineering Co.,LTD компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық жоспарлалары талқыланды.
Бұдан бөлек, басқосу барысында Жамбыл облысының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Өткен жылы ауданда 24,3 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба іске асырылып, 155 тұрақты жұмыс орны ашылған. Ал ағымдағы жылы жалпы көлемі 15,4 млрд. теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 806 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.
Оның ішінде 31 жоба ауыл шаруашылығы саласында, 60 жоба өнеркәсіп саласында, 14 жоба «Ауыл аманаты» жобасы аясында қолға алынбақ.
Ірі жобалардың бірі – «КнауфГипсТараз» ЖШС (құрғақ құрылыс қоспаларын және гипсокартон шығаратын зауыт). Нысан ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Аса-Агро» ЖШС қуаттылығы жылына 5 мың тоннаны құрайтын құс фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні зауыт аумағында 3 корпус жұмыс істеуде десек, олармен өткен жылы 240 тонна өнім өндірілді.
Сондай-ақ аудан әкімі жаңартылатын энергия көздері, құрылыс, білім, балық шаруашылығы салаларындағы жобалармен де таныстырды.
✅Аудан басшылығына инвестиция тарту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тапсырылды.

Жамбыл облысының әкімдігі