Жамбыл ауданында мыңнан аса жүкті әйел екпе алды
Індеттің дендеуіне тосқауыл болудың жолы – вакцина қабылау. Бүгінде өңірде індетке қарсы егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы – тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.
Жамбыл аудандық орталық емханасының эпидемиолог дәрігері Сәкен Сандыбаевтың айтуынша, аймаққа «Pfizer» екпесінің 18990 дозасы жеткізілсе, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 7781 дозасы, екінші компонентінің 5945 дозасы егілген.
Ал бала емізетін аналардың 1195-і бірінші компонентті, 917-сі екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 432-сі бірінші компонентті, 325-і екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 260 ана өткен.
Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 647-і «Pfizer» вакцинасын алған.
Жамбыл ауданында екпе егу жұмыстары ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі емдеу орталықтарында жүзеге асуда.
Өңірлік коммуникациялар қызметі