Жамбыл ауданында жаңа мектеп ашылды

Жамбыл ауданына қарасты Танты ауылында 200 балаға арналған «Танты бастауыш мектебі» пайдалануға берілді.
❗ Мекеме білім беру стандартының соңғы үлгісі бойынша соғылып, заманауи технологиялармен жабдықталған. Оқушылар сабақтан тыс уақытта робототехника, домбыра, спорттық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалған.
❗ Танты ауылының балалары бұған дейін Шайқорық ауылына қатынап білім алған.