Жамбыл ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2021 жылы атқарылатын жұмыстар туралы
ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ
2020 жылы 19,9 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, жоспар 0,2 пайызға артығымен орындалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция 1,7 млрд теңгені құрады. Өткен жылы «Жамбыл Ет MS» ЖШС 1 млрд теңгеге мал бордақылау алаңының құрылысын жүргізіп, Ирландия елінен 1000 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелді.
Ал, биыл 65,9 млрд теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Яғни, «Көкжиек 2030» ЖШС сүт фермасының құрылысын (құны – 1,5 млрд теңге), «Алель Агро» ЖШС құс фабрикасының құрылысын (құны – 2,5 млрд теңге), «Good Look» ЖШС тауарлы сүт фермасының құрылысын (құны – 2,5 млрд теңге), «Денвер-Т» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын (құны – 2,5 млрд теңге), «Аса-Даму» ЖШС құс фабрикасының 4 корпусының құрылысын (құны –150-180 млн теңге), «КазФосфат» ЖШС натрид гексаметофосфатын өндіретін желісін кеңейту құрылысын (құны – 2 млрд теңге), «Тараз» ӘКК және «Далаагро» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын (құны – 15 млрд теңге), «Shell» ЖШС күн электр станциясының құрылысын (құны – 20 млрд теңге), «Тараз Мұнай Өнімдері» ЖШС сұйық газ шығаратын зауыт құрылысын (құны – 20 млрд теңге), «Super pharm» ЖШС бірреттік медициналық шприцтер шығаратын 3 корпустың құрылысын (құны – 1,2 млрд теңге) қолға алуды жоспарлап отыр.
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында 1,8 млрд теңгеге 23 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, 105 млн теңгеге 3 жобаның құжаттары қаралуда.